Алматы облысында патрульдік полиция қызметкерін көлік қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео тарады.
Алматы облысының полиция департаменті 20 желтоқсанда Алматы - Өскемен тасжолының 42-шақырымында Toyota Camry көлігінің жүргізушісі көктайғақ кезінде рөлге ие бола алмай, облыстық патрульдік полиция батальонының қызметтік инспекторын қағып кеткенін хабарлады, содан кейін ол инерциямен Hyundai Elantra қызметтік көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан полицей сол жерде көз жұмды.
"Облыстық департамент қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына қайғырып көңіл айтады", - деп толықтырды ведомство.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!