Алматы облысында полицей мен қарапайым азаматтың жанжалы видеоға түсіп қалды. Облыстық полиция департаменті бұл видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео телеграм арналардың бірінде тарады.
Алматы облысының полиция департаменті бұл видеоға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.
"Тексеріс қорытындысы бойынша оқиғаға қатысты лауазымды тұлғаның және оның тікелей басшыларының әрекетіне түбегейлі тәртіптік баға беріледі. Тексеріс нәтижелері бойынша басқа да мәліметтер қосымша беріледі", - делінген жауапта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!