Алматы облысында полицей жолда қаза тапты

Алматы облысында Алматы-Өскемен тасжолының 42-шақырымында полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы облысы полиция департаментінің жеке құрамы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан облыстық патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартовтың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - делінген жазбада. 

Еске салайық, қайғылы оқиға кеше, 20 желтоқсанда, патрульдік қызмет инспекторы Алматы-Өскемен тасжолының 42-шақырымында ЖКО рәсімдеу бойынша өз міндеттерін орындаған кезде болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!