- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысы
Алматы облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылуда
Алматы облысында 2024 жылдың басынан бастап пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Алматы облысының Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 393,1 мың гектар пайдаланылмайтын жер анықталған, олар 1322 учаскеге бөлінген. Салыстырмалы түрде, 2023 жылы бұл көрсеткіш 612,8 мың гектарды құраған.
Басқарма басшысы Аманжол Кенесбайұлы бұл жұмыстың ауыл шаруашылығын дамыту және жер ресурстарын тиімді пайдалануда маңызды екенін атап өтті.
"Пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару - бұл стратегиялық міндет, ол облыстың жер ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз ауыл шаруашылық жерінің әр гектары қоғам мен экономикаға пайда әкелуін қамтамасыз етуге ұмтыламыз", - деді Аманжол Абдрахманов.
Қазіргі уақытта мемлекеттік меншікке 81,4 мың гектар жер қайтарылған, бұл жоспардың 102%-ына сәйкес келеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 224,0 мың гектарды құраған. Басшылық 2024 жылдың соңына дейін тағы 70,0 мың гектар жерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде, ал жоспардың орындалуы бүгінде 116%-ға жетті.
Кейбір жағдайларда пайдаланылмайтын жерлер мемлекеттік меншікке сот шешімдері арқылы қайтарылады. Мысалы, жалпы көлемі 31,9 мың гектарды құрайтын 63 учаскеге, сот жалға беру шарттарын бұзу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатарауданы 49,4 мың гектар болатын 246 учаске, мемлекеттік меншікке ерікті түрде және басқа да тәсілдермен қайтарылды.
Жер қатынастары басқармасы жер салығының тиімділігін арттыру мақсатында 162,3 мың гектар жер учаскесі бойынша салық ставкаларын 20 есе көтеру үшін 454 материал жіберілгенін хабарлады.
Сонымен қатар мемлекеттік кірістер департаментіне 18,2 мың гектарды қамтитын 164 учаске бойынша салық ставкаларын арттыру туралы материалдар ұсынылды. Қазіргі уақытта басқармада тағы 74,3 мың гектар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Алматы облысында жыл басынан бері 390 мың гектардан астам иесіз ауыл шаруашылық жерлері анықталды.
Алматы облысының әкімдігі ұсынған материал
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина