- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында өзіне...
Алматы облысында өзіне қол жұмсаған сотталушының асқазанынан хат табылған
Алматы облысында 155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы Әркен Қарасай өзіне-өзі қол салған. Марқұм туған ағасына ақтық демі шығар алдында соңғы хатын жолдап үлгеріпті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Жаңалықтар қызметінің мәліметінше, хатта мұндай ауыр қадамға баруына нақты кімдердің себеп болғанын ашық жазған. Яғни түрме қызметкерлері сотталғандарды ұрып-соғып, балағаттап, өздеріне жұмыс істеуге мәжбүрлейді екен. Ал марқұм бұл азаптан құтылудың жалғыз жолы өз өмірін құрбан ету деп шешкен. Мекеме басшылығы марқұмның мінезі де, мінездемесі де жақсы болғанын айтқан.
Әркен Қарасай 2021 жылдан бері ЛА-57 155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп келген. Ал 15 ақпанда таңғы 04:00 шамасында ағасына өз-өзіне қол салатынын хабарлапты. Себебі түрмедегі зорлық-зомбылық пен қысымға шыдай алмадым деген. Жазасын өтеп жүрген марқұм 4 қызметкердің атын атапты.
Сараптама жасалып, ақтық хат марқұмның асқазанынан табылған.
Бүгінде Әркен атаған төрт қызметкерге қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тергеп жатыр. Олар "Лауазымын асыра пайдалану" дерегі бойынша күдікке ілінген әрі түзеу мекемесінде де ішкі тексеріс басталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина