Алматы облысында құтқарушылар өзен бойынан әйел адамның мәйітін алып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында 20-35 жас аралығындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған.
Құтқарушыларға сол жерден өтіп бара жатқан куәгер хабарласқан.
"ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы әйел адамды 10 сағат іздеп, шамамен құлаған орнынан 8 шақырым жерден денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!