Алматы облысында өз туған күнінде жоғалған адам табылды

Алматы облысында өз туған күнінде жоғалған адам табылды
Фото: ©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

Биыл қыркүйек ортасында жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны аман табылды. Бұл туралы Lider.kz сайтының волонтерлері Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сипаттамаға сәйкес, 1995 жылы туған Бақытжан Ғазизоллаұлы Жұбанов 17 қыркүйекте туған күні үйінен шығып кеткен. 29 жастағы жігіт сағат 18:00-де Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылы, Абай көшесі, 14-үй мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен.

Белгілері: бойы 170-175 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, көзі қоңыр.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған адам 20 желтоқсанда табылған. Басқа мәліметтер әлі нақтыланған жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек