- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында ойнап...
Алматы облысында ойнап жүрген маралдар фототұзаққа түсіп қалды
Фото:
instagram.com/qazfwc
Алматы облысында ойнап жүрген маралдар "Жоңғар Алатауы" ұлттық паркінде орнатылған фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Ерекше әдемі жануар тұяқтылардың ішіндегі ірісі. Салмағы 300 келіден асуы мүмкін. Ересек дарақтардың мүйізінің ұзындығы 120 сантиметр, салмағы 12 келіге дейін жетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2021 жылғы санақ бойынша "Жоңғар Алатауы" ұлттық паркіндегі маралдың саны 1700 басқа жеткен, ал биылғы санақ қазанда жүргізілетін болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина