- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында ортақ...
Алматы облысында ортақ жол жеке иелікке өтіп кеткен. Мәселе Президенттің назарына түсті
Алматы облысы Қаскелеңдегі жол мәселесі Президентке жетті. Жергілікті шенеуніктер тұрғындарға үйіп-төгіп уәде берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, қаладағы Қойтас деп аталатын көшелердің ойдым-ойдым болған жолдарымен тұрғындар үйіне кіріп-шығуы қиындаған. Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов тұрғындармен кездесіп, мәселенің шешілетінін, бұл жағдайды Президенттің өзі назарда ұстап отырғанын жеткізді.
Аудан әкімінің кездесуін тұрғындар видеоға түсіріп, арна журналистеріне жолдаған. Тұрғындардың айтуынша, мәселе 2017 жылы қаланың бас жоспары өзгерген соң туындапты. Соның салдарынан 200-ден аса үйі бар төрт көшенің тұрғындары тығырыққа тірелген. Ал орталыққа шығар жол жаңа бас жоспар бойынша кәсіпкерлердің иелігіне өтіп кеткен.
"Президент өзінің назарында ұстап отыр, біледі сіздердің проблемаларыңызды. Мына иелерімен мына сіз айтқан бизнесмен кісі бар осылай шешеміз. Қазір енді сіздер талап қойып отырсыздар көшені былай қарай шығару керек деп. Сол үшін соны біз орындаймыз. Мынау жерді жекеменшік екен, мұны да шақырып иесімен сөйлесеміз. Қазір мынау бар көшені реттеп, асфальтын салып, солбылардың былай кіріп кеткендерін түзетіп қоюымыз керек. Бұл жерде ең бастысы, жердің мәселесін шешіп алсақ, әрі қарай біз бәрін атқарамыз ғой. Қаражат бөлінеді, жобасын жасаймыз. Асфальтын салайық, светін салайық, электр энергиясын жаңалайық", - деді Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Құлтай