- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында өрт...
Алматы облысында өрт сөндіру барысында өртсөндіруші қаза тапты
Алматы облысында өрт сөндіру барысында өртсөндіруші қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есеп топтары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге шыққан.
"Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
ТЖМ Әділет Аянұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова