Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде граната жарылған

Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде граната жарылған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында жоспарлы оқу-жаттығу барысында жарық-дыбыс гранатасы мерзімінен бұрын іске қосылып кеткен. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, оқиға болған аумақта бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілген.

"Бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат көздерінде тараған "қызметкерлер жаппай зардап шеккені және олар ауыр хәлде екені" туралы мәлімет шындыққа сәйкес келмейді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде "оқиға салдарынан 15 қызметкер жарақат алып, Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді" деген ақпарат тараған еді. 

Алайда полиция азаматтарды тек ресми мәліметке сүйенуге шақырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget