Алматы облысында оқу жаттығу барысында терроризм қаупіне дайындығы тексеріледі

Алматы облысында оқу жаттығу барысында терроризм қаупіне дайындығы тексеріледі

Алматы облысының Қонаев қаласында 1 қарашада терроризмге қарсы күрес жөніндегі жергілікті жедел штаб ұйымдастырған терроризмге қарсы жаттығулар басталды. Оқу-жаттығудың негізгі міндеті құқық қорғау органдарының, сондай-ақ террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге уақытылы ден қою үшін арнайы бөлімшелердің күштері мен құралдарының дайындығын тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығу шеңберінде террористік шабуыл болған жағдайда осал деп жіктелетін объектілерде терроризмнің ықтимал актілерінің жолын кесу жөніндегі іс-қимылдар пысықталуда. Оқу іс-шаралары жедел ден қою тетіктерін және қауіпсіздік қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруді қамтиды, бұл олардың азаматтар мен қоғамдық орындарды қорғау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Терроризмге қарсы жедел штаб қала тұрғындары мен қонақтарын өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады. Оқу-жаттығуларға байланысты көлік пен азаматтар үшін уақытша қозғалыс шектеулері болуы мүмкін. Оқу-жаттығуды ұйымдастырушылар мұндай шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ықтимал қауіптердің алдын алу үшін қажет екенін атап көрсетеді.

Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы ұсынған материал

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина