Алматы облысында аудан және қала әкімдіктері пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл жыл басынан бері жалпы алаңы 397 313 гектар болатын 1340 жер учаскесі пайдаланылмай отырғаны белгілі болды.
Оның ішінде мемлекет меншігіне 84 100 гектар жер қайтарылды. Бұл жерлердің:
Бұл шаралар ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және жер ресурстарын ұтымды басқару мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Әкімдіктер алдағы уақытта да осындай жұмыстарды жалғастыратынын хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін "Алматы Арена" мен "Халық Арена" мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың сөзінше, олар МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) аясында жеке ұйымның басқаруына тегін пайдалануға берілген.
2017 жылы өткен Универсиаданы өткізу мақсатында салынған мұз айдындары 2019 жылы жекеменшікке берілді. Антикор спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Орталық деңгейде талдау туризм және спорт министрлігінің қызметіне, ал өңірлік деңгейде спорт және дене шынықтыру басқармаларының жұмысына қатысты жүргізілді.
Сонымен қатар Атырау облысында 2018 жылы негізсіз жеке кәсіпкерге берілген Мұз сарайы спорт нысаны мемлекетке қайтарылды. Батыс Қазақстан облысында жеке ұйымның сенімгерлік басқаруындағы футбол алаңы бар стадион мемлекетке қайта өтті. Шымкентте жеті жыл бұрын 120 миллион теңгеге сатылған Мұз сарайы спорт кешенінің 67% үлесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз