Алматы облысының Қарасай ауданында құтқарушылар тоғыз адамнан тұратын топты іздестірді. Екі мұғалім бастаған жеті оқушы Известковое шатқалында адасып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару операциясына Алматы облыстық ТЖД, ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің мамандары, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ, еріктілер қатысты. Жергілікті жерді тексеру үшін тепловизоры бар дрондар мен тікұшақ қолданылды.
"Таңертең топ табылды. Құтқарушылар адасқандарға жетіп, оларды автотұраққа дейін аман-есен алып келді", - деп хабарлады ТЖМ.
Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz