Алматы облысында 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны - 280 017 адамды құрайды. NEET санатындағы жастар саны 7,6 пайызды немесе 17 700 адамды құрады, олар білім беру және еңбек қызметіне тартылмаған.
Облыста NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуда.
Осыған сәйкес "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының әдіснамасы негізінде "NEET-жастар "Деректер базасы" ақпараттық жүйесі әзірленіп, нәтижесінде 803 жас тіркелді.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 9264 адам қамтылды, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар 2234 адам.
29 жасқа дейінгі жастар қатарынан 1455 адам жұмысқа орналастырылды. Жастар арасынан тұрақты жұмыс орындарына 625 адам жұмысқа орналастырылды немесе жұмысқа орналасқан жастардың жалпы санының 43 пайызы.
Қоғамдық жұмыстарға 29 жасқа дейінгі жастар арасынан 510 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 54 адам, жастар практикасына 144 түлек, "Ұрпақтар келісімшартына" - 3, "Бірінші жұмыс орнына" - 119, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне - 779 адам жолданды.
"Электрондық еңбек биржасы" порталында облыс бойынша 2948 бос орында 12412 жұмыс орны жарияланды.
Сонымен қатар, жастармен, әсіресе NEET санатындағы жастармен 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.
Жоспар шеңберінде салалық басқармалармен бірлесіп NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыстың жаңа форматы қалыптастырылды. Атап айтқанда, жоспарға келесі іс-шараларды іске асыру енгізілді:
Жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру тәжірибесі жалғасуда. "Жасыл ел" бағдарламасын іске асыру мақсатында 1365 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
Өңірлік деңгейде облыс әкімінің қолдауымен "Тәуелсіздік ұрпақтары"гранттық жобасы іске асырылуда. 2023 жылы 30 миллион теңге қарастырып, 3 миллион теңгеден грант беру көзделген.
Облыста жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында "Алатау жастары "бағдарламасы әзірленеді. Бағдарламаны іске асыру үшін 600 миллион теңге бөлінді. Бағдарламаның негізгі шарттары: 0 пайыз-бастапқы жарна, 5 пайыз - қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кредит мерзімі 25 жылға дейін. 1-30 қараша аралығында құжаттар қабылданды. Барлығы 1374 өтініш түсті. Бүгінгі таңда өтініш білдірушілердің құжаттарын банк талаптарына сәйкес тексеру жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы бұл мақсатқа 3,6 миллиард теңге бөлініп, 200 жасты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 2023 жылы бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. Жастарды әлеуметтендіру және қолдау мақсатындағы "Кеңес орталығы" жобасы мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекет тарапынан ұсынылған өзге де қолдаулар туралы ақпараттандырылатын платформаға айналады.
"Jana qadam", "Ақпаратты Қазақстан", "САМҒАУ", "Жас кәсіпкер", "Менің болашақ мамандығым" жобалары жастарды бизнес дағдыларына үйрету, кәсіпкерлікті дамытуға, талантты жастарды қолдау, өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар арасында еріктілік қызметті дамыту, экологиялық мәдениетті нығайту және "Жас саясаткер мектебі" жобаларын жүзеге асыру қарастырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!