Алматы облысында мектепке таситын көлік баланы басып өлтірді

Фото: Kozachkov offside

Алматы облысында оқушыларды мектепке таситын көлік баланы басып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің маңында болған.

Алматы облысы полиция департаментінің өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"27 қарашада Іргелі селосы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің тұрағында JAC автобусының жүргізушісі артқа қарай жүріп келе жатып, 7 жасар баланы басып кетті. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты", - деп жазылған полицияның Massaget.kz-ке берген жауабында.

Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, абайсызда жасалған жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан адамның қайтыс болуына әкелген жағдайда, кінәлі тұлға бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар бес жылға дейін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кеткені хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова