Әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы тарады. Оқиғаға Алматы облысы Полиция департаменті өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған жазбада оқиға Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында болғаны айтылады.
Полиция департаменті мәліметінше, Іле ауданы Жапек батыр ауылындағы мектептердің бірінің оқушылары төбелескен. Бұл дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тексеріс барысында 29 қараша күні 2008 жылы туған 9-сынып оқушысы мен 2007 жылы туған 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындап, кейін жаппай төбелеске ұласқаны анықталыпты.
"Дерек бойынша бұзақылық әрекеттер жасаған оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір барлық қажет тергеу әрекеті басталды. Сондай-ақ, психологтардың қатысуымен осы оқиғаға қатысушылармен профилактикалық тәрбие жұмысы жүргізілді", - деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығы Бауыржан Әленов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз