Алматы облысында білім саласындағы жемқорлық әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Мектеп есепшілері 13 адамның атынан жалған құжаттар әзірлеп, ай сайын бюджеттен заңсыз қаржы жымқырып отырған. Олар 610 миллион теңгені қолды қылды. Есепшілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Іс сотқа жолданды. Бұл жөнінде аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өкілдері мәлімдеді. Бір есепші кінәсін мойындады. Ол өзі келтірген залал көлемін, яғни жымқырған 81 миллион теңгені мемлекетке қайтарды.
Сонымен қатар, облыста жалған дипломдарды пайдаланудың 110 дерегі анықталды. Олардың қатарында 5 мемлекеттік қызметші мен 11 оқытушы бар.
"Енді қалған 5 бухгалтерге қатысты іс әлі тергеліп жатыр. Қазір шамамен келтірген залал соммасы 500 миллион теңгеден асады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Бекенов.
Тағы да оқи отырыңыздар: Телефон қуатталмай қалса, не істеу керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз