Алматы облысы Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскен, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.
"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары Қошмамбет ауылының 42 жастағы тұрғынын анықтап, оны бір сағаттың ішінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр",- деп хабарлады полиция.
Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған. Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан болған. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз