Алматы облысында МӘМС қаражатынан миллиондаған теңге қолды болған

Алматы облысында МӘМС қаражатынан миллиондаған теңге қолды болған
Фото: depositphotos.com

Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз иемдену дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңір прокуратурасы мәліметінше, тексеріс барысында жалған медициналық қызмет көрсету арқылы 65,9 млн теңге заңсыз алынғаны белгілі болған.

"Екі жеке стоматологиялық клиниканың басшысы науқастардың жеке дерегін пайдаланып, медициналық ақпараттық жүйеге туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілмеген ортодонтиялық қызмет туралы жалған мәлімет енгізген. Соның негізінде МӘСҚ қаражатынан заңсыз төлемдер жүргізілген", - деп жазылған хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Кінәлі адам сотталып, мемлекетке келген залал толық көлемде өтелген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget