Алматы облысында мал ұрлығына қатысы барлар ұсталды

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы барлар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Еңбекшіқазақ ауданында мал ұрлығының бірқатар дерегі ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Еңбекшіқазақ ауданында полиция қызметкерлері адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған мал ұрлығының бірқатар дерегін ашты. Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақши ауылының 20–25 жас аралығындағы төрт тұрғыны анықталып ұсталды. Олар малды заңсыз атып, кейін етін бөлшектеп, қылмысты жасыру мақсатында етін әкету әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді. Күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу барысында аталған заңсыз әрекеттер жергілікті тұрғындар арасында кең қоғамдық резонанс тудырғаны анықталды. Тінту жүргізу кезінде Ақши ауылының үйлерінің бірінен аңшылық қару және бөлшектелген жылқының еттері табылып тәркіленді. Айғақ заттар қылмыстық істің материалдарына тіркеліп, ет заңды иесіне қайтарылды.

Жәбірленушілер полиция қызметкерлерінің жедел жұмысына ризашылығын білдіріп, құқық қорғау органдарына алғыстарын жеткізді.

Бұл қылмыстық істің тергелу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget