• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматы облысында мал ұрлығы әшкереленді

Алматы облысында мал ұрлығы әшкереленді
Фото: ІІМ

Алматы облысында 41 ұсақ малды ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талғар ауданында 43 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Тергеу барысында ол көршілес шаруа қожалығында малшы болып жұмыс істеп жүріп, бұл қылмысты алдын ала жоспарлағаны анықталды.

"Иелері уақытша болмағанын пайдаланған күдікті малды ұрлап, оларды сатуға алдын ала сатып алушымен келісім жасаған. Қылмысын тезірек жүзеге асыру үшін ол көлігі бұзылғанын айтып, алдап, сатып алушы малды тасымалдауға көмектессе, бағаны төмендетуге уәде берген. Ұрланған мал Жамбыл ауданындағы мал базарында сатылғаны белгілі болды", - деді полиция.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget