Алматы облысында мал ұрлап жүргендер ұсталды

Алматы облысында мал ұрлап жүргендер ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысында мал ұрлап жүргендер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Криминалдық полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының аумағында екі күдіктіні ұстау бойынша жұмыстар жүргізді. Қазір олардың үш мал ұрлығына қатысы анықталды", - деп атап өтті облыстық криминалдық полиция басқармасы.  

Барымташылар барлық мал ұрлығын бір схемамен жасаған, олар мал қараусыз жайылатын жерлерді таңдап, содан кейін малды сол жерде сойып, етін көліктің жүк салғышына тиеп алып кетіп жүрген.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина