Алматы облысында Қызыл кітаптағы сирек кездесетін жануар көзге түсті

Алматы облысында Түркістан сілеусіні көзге түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жоспарлы рейдтік іс-шара барысында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (МҰТП) инспекторлары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін Түркістан сілеусінін кездестірді", - делінген хабарламада.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, бұл оқиға аймақтың биоалуантүрлілігі мен экожүйесін сақтауға бағытталған шаралардың тиімділігін растайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз