Алматы облысында биыл қызметтік иттер көмегімен 105 қылмыстың беті ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төртаяқты полицейлер ең қиын жағдайларда да тиімді жұмыс істей алатындай қатаң жаттығулардан өтеді. Олардың иістерді ажырата білу, жасырын есірткіні немесе қаруды анықтау, іздерді табу қабілеті қылмыстарды ашуға көмектеседі.
Олардың ерекше сезімі, жылдам реакциясы және мінсіз дайындығы жедел іс-шараларда шешуші рөл атқарады. Бұл төртаяқты серіктер дәлелдер табуға, қылмыскерлерді ұстауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
"Жыл басынан бері қызметтік иттердің арқасында 105 қылмысты ашуға мүмкіндік туды. Олардың ішінде 57 ұрлық, 5 тонау, есірткіге қатысты 9 дерек және 20 есірткі қылмысы бар. Төртаяқты полицейлер 899 жедел шараға қатысып, құқық қорғау органдарының жұмысына көмектесті", – деді полицейлер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз