- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында қылмыстық...
Алматы облысында қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
Алматы облысының полициясы қылмыстық топтың мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы жылдың 20 шілдесінде Алматы облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алаяқтық жасаған қылмыстық топтың мүшесін ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық факт облыстық полицияда тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Алматы облысы ПД жедел уәкілдеріне кәсіпкерлік қызметпен айналысатын 45 жастағы жергілікті тұрғыннан алдау арқылы белгісіз ер адамның 20 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденгені туралы ақпарат келіп түскен болатын.
Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізді, нәтижесінде Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында тәртіп сақшылары қылмыстық топтың мүшесі болатын 48 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ұсталған адам басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина