Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлініcінің қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнайы операция барысында үш адам ұсталды. Жалға алынған үй аумағында жүргізілген тінту нәтижесінде қарасора өсіруге арналған ауданы 10 сотық жылыжай табылды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы - 900 келі. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"2025 жылдың басынан бері заңсыз айналымнан екі тоннадан аса есірткі, оның ішінде 120 келі синтетикалық есірткі, 600 грамм кокаин және 140 келіден аса гашиш тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!