- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында құрылыс...
Алматы облысында құрылыс материалдары тұрған қойма өртеніп кетті
Фото:
ТЖМ
Алматы облысында қойма өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бүгін, 29 шілдеде Алматы облысындағы Қарасай ауданында болған. Қойма үй-жайларының бірінде 273 шаршы метр алаңда құрылыс материалдары жанып кеткен.
Құтқарушылардың әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина