Полиция Алматы облысында "адам зорлады" деген күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кетуіне байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы облысының полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз.
Егер сіз іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102", - делінген хабарламада.
Еске салайық, күдіктіні ұстау үшін арнайы "Сирена" жоспары енгізілді.
"Негізгі бағыттарда бақылау-өткізу пункттері орнатылып, барлық күш пен қаражат қашқынды тауып, ұстауға бағытталған. Сонымен бірге қашып кетудің мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Баспасөз қызметі жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз