Әлеуметтік желіде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қайназар ауылында пышақпен халықты қорқытқан зауыт директорының видеосы тарады, - деп хабарлайды "Пятый регион" басылымы.
"Кірпіш зауытының директоры зауыт жұмысына наразы ауыл тұрғындарына пышақ ала жүгірді", - делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Мас кірпіш зауытының директоры мен жергілікті халық арасында жанжал туындағаны рас. Тәртіпбұзушылық Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды", - деді тәртіп сақшылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!