Алматы облысында қорықшы ер адамның аяғына оқ атқан, оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрдан ер адам мен қолында мылтығы бар қорықшы дауласып тұрғаны көрінеді. Бір кезде қорықшы мылтығын оқтап, ер адамның аяғына жақын жерге оқ атады. Жараланған адам жерге құлап, аяғын ұстап, айғайлай жөнеледі.
Алдын ала мәлімет бойынша далада от жағу бұл оқиғаға себеп болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
"Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша жанжал өзара келіспеушіліктің салдарынан туындаған", – деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова