- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында той...
Алматы облысында той кортежін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Алматы облысында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшыларының көзі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі бейнеленген бейнежазбаға түскен.
"Іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін құқық қорғау органдары жүргізушілердің жеке басын анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тексеру барысында ауыл жастары екі Lexus GS 300 және үш Toyota Camry автокөлігін жалға алғаны белгілі болды. Жалға алынған автокөліктермен достарының үйлену тойы күні Междуреченск-Чапаево автожолында кортеж ұйымдастырған", - делінген хабарламада.
Барлық жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау" және ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі "Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Г. Досымшалова