Алматы облысының полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Басылым мәліметінше, оқиға Талғар қаласында болған. Тәртіп сақшылары көпірде тұрған 16 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын байқайды.
"Патрульдік қызметтің аға лейтенанттары Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ УҰИ инспекторы сержант Ербол Бесбаев жедел әрекет етуі арқасында ерекшеленді. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып, мектеп оқушысын көпірден түсіріп алды. Осылайша, суицидті болдырмады", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы тыныштандырып, бірден үйіне апарып, ата-анасына тапсырған. Полиция қызметкерлері қыздың анасы 8 жыл бұрын өмірден өткенін, ол әкесімен және ағасымен бірге тұратынын анықтаған. Сол күні қыз ағасымен жанжалдасып, өмірімен қош айтыспақ болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!