- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адам өлімі
Алматы облысында конвейерге түсіп кеткен қызметкер қаза тапты
Фото:
Коллаж: depositphotos.com
Алматы облысында "Байсерке Агро" кәсіпорнында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Конвейерге түсіп кеткен қызметкер қаза тапты.
Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"3 желтоқсанда "Байсерке Агро" ЖШС-ында болған оқиға салдарынан кәсіпорынның 42 жастағы қызметкері алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қазір жиналған материал тиісті тексеріс жүргізу үшін еңбек инспекциясына жолданды. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек