Алматы облысында колонияға телефонды шұжық ішіне жасырып өткізбек болған

Алматы облысында колонияға телефонды шұжық ішіне жасырып өткізбек болған
Фото: polisia.kz

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемеге шұжық ішіне телефон жасырып өткізуге тырысқан күдікті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Телефонды шұжықтың ішіне жасырған әйел оларды бандероль арқылы жіберген. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. LG-D690 маркалы ұялы телефон тәркіленді.

"Аталған дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша материал жиналып, әйел адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", – деді ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан