- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында колония...
Алматы облысында колония қызметкері сотталған әйелді зорлаған
Алматы облысында колония бастығының көмекшісі сотталған әйелді зорлады деп айыпталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Іле аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысы Іле аудандық соты қызмет бабын пайдаланып, сотталған әйелді зорлады деп айыпталған "ЛА – 155/4" мекемесі бастығының кезекші көмекшісі Б.-ға қатысты үкім шығарды.
Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі қызметтік міндеттерін орындау кезінде зорлау, сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 146-бабының 1-бөлігі бойынша кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiру бойыншы қылмыстық іс қозғалған.
"2021 жылғы 10 маусымда Б. есімді ер адам қызметтік міндетін атқару кезінде қызметтік өкілеттігін және қызметтік бабын пайдаланып, сотталған әйелді зорлаған. Сотталушы өз кінәсін мойындамады", - делінген хабарламада.
Б.-ның қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сот талқылауы барысында зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен, оның ішінде сот-биологиялық және сот-молекулярлық-генетикалық сараптамасының қорытындысымен расталады.
Прокурор соттан айыпталушыны кінәлі деп танып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі 5-тармағы 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, Қылмыстық кодекстің 146-бабының 1-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сот үкім шығарған кезде сотталушы Б.-ның 6 жасар баласының болуы сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескерді. Ал оның қылмыстық құқықбұзушылық жасауы, оның берген антын бұзуы ауырлататын мән-жайлар.
Санкция Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша 9-дан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, ал Қылмыстық кодекстің 146-бабының 1-бөлігі 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу түріндегі жазаны қарастырады.
Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 120-бабына сәйкес 9 жыл мерзімге бас бостандығынан, 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек