- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында көлікті...
Алматы облысында көлікті мас күйде айдаған адам ұсталды
Алматы облысында көлік айдау құқығынан айырылған ер адам мас күйде көлік айдаған жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы ПБ қызметкерлері көлік құралын басқару құқығынан айырылған, мас күйінде көлік жүргізген "К" есімді ер адамның басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 346-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.
"Жүргізушілерге автокөлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін заңмен белгіленген жауапкершілік туралы, оның ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдарға қатысты 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын еске саламыз", - делінген полиция хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина