Алматы облысында казиноларда құмар ойын ойнаған шенеуніктерге қатысты тексерулер жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылық анықталған жағдайда нақты шаралар қолданылатын болады.
"Шенеуніктердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалған. Кодекске сәйкес мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік биліктің беделіне және мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге бармай, кез келген жағдайда әдеп нормаларын сақтап, бірінші кезекте елдің, мемлекеттің мүддесіне қызмет етуі тиіс", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!