Алматы облысында қазанның ортасында жоғалған жігіт өлі табылды

Алматы облысында қазанның ортасында жоғалған жігіт өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz Instagram-парақшасында бегілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еріктілердің мәліметінше, 1990 жылы туған Тасқұлов Абдусалам Абдурахманұлы 14 қазанда жоғалып кеткен. Шамамен 22:30-де Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" шағынауданынан шығып, қайта оралмаған.

Жоғалған ер адам 30 қазанда табылды, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қайғылы жағдайдың өзге мән-жайы нақтыланған жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз