Алматы облысында Қайыңды көліне жол салынып жатыр

Алматы облысында Қайыңды көліне жол салынып жатыр
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматы облысында Қайыңды көліне апаратын жолдың құрылысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ұзындығы шамамен 10 шақырым болатын жол демалушылардың туристік аймаққа жетуін жеңілдетпек.  Қазір көлге тек жол талғамайтын көлікпен жетіп, одан әрі жаяу жүруге мүмкіндік бар. Десе де Қайыңды көліне былтыр 200 мыңнан аса демалушы барған.

"Қазір республикалық тасжолды және Қайыңдының жолын жасап жатырмыз. Асфальт төсеу жұмыстарын жазға, маусымға, жоспарлап отырмыз. Қыркүйекке қарай аяқтап қалатын шығармыз", - деді мердігер ұйым өкілі Ілияс Жанұзақов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget