- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында қауіпсіздік...
Алматы облысында қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың кесірінен өрт шықты
Фото:
ТЖМ
Алматы облысында қауіпсіздік ережелерін бұзу өрттің шығуына себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында мектепке дейінгі білім беру мекемесінің шатыры өртенді. Өрт жапсарлас салынған ғимаратқа таралып, жалпы ауданы - 154 шаршы метр.
Ғимаратта болған төрт адам алдын ала эвакуацияланды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина