Алматы облысында қару сақталған орын табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кеше сағат 15:00 шамасында жергілікті полицейлер ІІМ қызметкерлерімен бірге Шамалған кентінің маңында қару сақталған орынды анықтады.
Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары екі қапты тәркіледі, оның ішінде 12 калибрлі үш тегіс ұңғылы мылтық, 410 калибрлі "Сайга" маркалы бір аңшылық мылтық, сондай-ақ, "Вепрь" маркалы иір ойықты мылтық және 308 бен 7.62 миллиметр калибрлі екі патроны бар екі ақсауыт болды.
Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиіс сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!