Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арыз түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіт үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Polisia.kz-ке" сілтеме жасап.
Полицейлер 28 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шара жүргізіп, 1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғынын ұстаған. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған.
"Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекетін жүргізіп жатыр. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ауызға неге темірдің дәмі келеді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!