Алматы облысында қар көшкініне қарсы профилактикалық жұмыс жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы Талғар ауданындағы "Ақбұлақ" спорттық-сауықтыру кешенінің шаңғы базасында қар көшкінін жоспарлы профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді. Теңіз деңгейінен 2664 метр биіктікте "Ақбұлақ" базасының көшкін жиналған жерлерінде ГАЗЕКС құрылғысының көмегімен 5 жарылыс жүргізілді. Жалпы көлемі - 380 текше метр.
Алдын алу жұмыстарына ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ филиалының Алматы облысы ТЖ, "Ақбұлақ" спорттық-сауықтыру кешеннің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды.
Демалушыларға таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы брошюралар таратылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!