- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында қар...
Алматы облысында қар көшкіні жүріп, тасжол жабылды
Алматы облысында Ассы обсерваториясы маңында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"11 ақпанда сағат 09 сағат 10 минутта Алматы облысы ТЖД Еңбекшіқазақ ауданында қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты таулардың баурайында қар көшкінінің өздігінен түскені туралы хабарлама келіп түсті. Көшкіннің жалпы көлемі 52,5 текше метр болады", - делінген хабарламада.
ТЖД мәліметінше, қар көшкіні жүргендіктен "Түрген ауылы- Батан шатқасы" облыстық маңызы бар тасжолы жабылған. Автожолды тазарту жұмыстарын Қазселденқорғау ММ-нің күштері жүргізіп жатыр. Түрген өзенінің арнасы бойымен су қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Қаза тапқандар мен қираулар жоқ.
"Азаматтардың қауіпсіздігі және автокөліктің жол қозғалысының қауіпсіздігі мақсатында жолдың осы учаскесі бойындағы жол 2024 жылғы 1 мамырға дейін Есік - Есік көлі автожолының 15 километрінен 41 километріне дейін, сонымен қатар Есік және Түрген 20 км Түрген-Батан ауылы-Ассы обсерваториясы автожолының 41 шақырымына дейін жабылды".
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан