Алматы облысында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
9 ақпанда сағат 11:35-те Еңбекшіқазақ ауданы, Асы обсерваториясы ауданында, "Түрген ауылы-Батан ауылы" облыстық тасжолының 24-шақырымында судың тұрақсыз жағдайына байланысты өздігінен қар көшкіні жүріп өтті.
Қар көшкінінің жалпы көлемі анықталды.
Қар көшкінінің салдарынан жол жабылды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің (1 адам және 1 техника) және ТЖМ "ҚазСелеҚорғау" (3 адам мен 1 техника) қызметкерлері аттанды.
"2024 жылғы 1 мамырына дейін 15-шақырымнан бастап жолдың осы учаскесі бойынша қозғалыс жабық екенін ресми түрде хабарлаймыз. Оқиғаның салдарын жою жұмыстары басталып кетті, барлығы ретке келтіріледі", - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, Алматы облысы бойынша алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз