- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында қар...
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы облысының тауларында 2024 жылғы 15 ақпан мен 18 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды.
Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады", - делінген ТЖД хабарламасында.
Еске салайық, 9 ақпанда Алматы облысында қар көшкіні жүрген болатын. 9 ақпанда сағат 11:35-те Еңбекшіқазақ ауданы, Асы обсерваториясы ауданында, "Түрген ауылы-Батан ауылы" облыстық тасжолының 24-шақырымында судың тұрақсыз жағдайына байланысты өздігінен қар көшкіні жүріп өтті.
Қар көшкінінің салдарынан жол жабылды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің (1 адам және 1 техника) және ТЖМ "ҚазСелеҚорғау" (3 адам мен 1 техника) қызметкерлері аттанды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, Алматы облысы бойынша алдын алу шаралары жүргізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина