Қазнетте тараған видеода қар барысы жеке үйдің қоршауынан секіріп, ауладағы итті ұрлап кеткені көрсетілген. Желіде видео Алматы облысында Азат кентінде жасалды деп жазылған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды stopfake.kz.
Шын мәнінде, бұл видео 2021 жылғы желтоқсанда Үндістанда түсірілген. Итті қар барысы емес, қабылан ұрлаған. Оқиға жайлы үнді және әлемдік БАҚ-та жазылды.
Бұл кадрлар Желіде тез тарады. Кейбір Желі қолданушылар видео Ресейде түсірілген деп мәлімдеді.
Видеода қар барысы емес, қабылан көрсетілген. Ол 2021 жылғы желтоқсанда Қазақстанда емес, Үндістанда түсірілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!