- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында кәмелетке...
Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды
Алматы облысында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікті анықталып, ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
1 қарашада Жамбыл ауданының полициясына Ақсеңгір ауылының 44 жастағы жергілікті тұрғынынан биыл қазан айында белгісіз ер адамның қызына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасағаны туралы хабарлама келіп түскен болатын.
Бұл дерек ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда дереу тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1974 жылғы К. есімді күдіктіні анықтап, ұстады. Соттың санкциясымен ұсталған адам сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде екі ай мерзімге қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина