Алматы облысы Көксай ауылында жүргізуші алдымен көлікпен соқтығысып, кейін инерциямен тротуарға шығып, төрт жасөспірімді қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Жол апаты салдарынан екі жасөспірім жарақат алған.
Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған (соталды тергеу бастаған - еск.). Тергеу аясында процессуалдық шаралар жүргізілген. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын толық, жан-жақты анықтауға, сондай-ақ, заң талаптарына сәйкес түпкілікті шешім қабылдауға бағытталған барлық шара қабылданып жатыр", - деді Алматы облысы ПД өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!